Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер Ресейдің мемлекеттік сатып алуларына қатыса алады. Бұл туралы Минскіге сапармен барған Ресей байланыс министрі Константин Носков мәлімдед36 деп хабарлайды 24.kz.
Ресейдің цифрлік даму, байланыс пен бұқаралық коммуникациялар жөнінде министрлігі бағдарламалық жасақтаманың бірыңғай реестрін шығарды. Мемлекеттік сатып алуға қатысудың шарттарының ресейлік компанияларға қойылған шарттардан еш айырмашылығы жоқ. Ресей өкілі бұл бастамасын Еуразиялық экономикалық одақтың ең ірі инновациялық алаңы – Тибо 2019 көрмесінде көтерді.
Осымен 26-шы рет өткен телекоммуникациялар мен ақпараттық технологиялардың көрмесі Минскіде ұйымдастырылды.