ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары Ереванда кездеседі

672

ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары Ереванда кездеседі

ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары Ереванда кездеседі. Кездесуде Қырғызстанмен қол жеткізілген келісімдер  бойынша қорытынды шығарылады. Бұл туралы  ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды КазТаг.
"Алдағы күндері екі елдің премьер-министрлері Ереванда ЕАЭО үкімет басшыларының отырысы аясында кездесіп, қол жеткізілген келісімдер  бойынша қорытынды шығарады деп ойлаймыз", - Қайрат Әбдірахманов үкімет қабырғасында.
Еске сала кетсек, өткен аптада Қырғызстанның премьер-министрі Астанаға келген болатын.  
"Үкімет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, сапар ресми әрі мазмұны жағынан жоғары деңгейде өтті",- деді СІМ басшысы. 
Оның айтуынша, қол қойылған хаттамаға сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстанның премьер-министрлерінің бірінші орынбасарларының басшылығымен жұмыс тобы құрылды. Оларға бес күннің ішінде "Жол картасын" құру тапсырылған болатын.
"Осы күндер ішінде, жексенбіні қосқанда, жұмыс тобы белсенді жұмыс жасады және жұмыстарын жалғастырып келеді. Келіссөздер конструктивті дәрежеде өтті, яғни талқылауды қажет ететін мәселелелер жан-жақты қаралды. Қазақстан тарапы кезекті рет соңғы жылдары бірнеше мәрте көтерілген проблемаларға тоқталды", - деді Әбдрахманов.
Сонымен қатар, 18 қазанда қол қойылған хаттаманың жүзеге асырылу барысы да талқыланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу