ЕАЭО елдері ұлттық валютамен есептесе ме – соңғы шешімді мемлекет басшылары қабылдайды

1764

Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми өкілі Ия Малкина ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кедендік есеп айырысуда ұлттық валютаға көшу туралы шешімді мемлекет басшылары қабылдайтынын мәлімдеді. 

ЕАЭО елдері ұлттық валютамен есептесе ме – соңғы шешімді мемлекет басшылары қабылдайды

Бұл туралы ол бейсенбіде өткен брифингте хабарлады, деп жазады "БЕЛТА". 

"Қазіргі уақытта кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер жобасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелеріне жіберілді", – деді Ия Малкина. 

Соңғы шешімді ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары қабылдайды. 18 наурызда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер (Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан) ұлттық валюталарда есеп айырысуға кезең-кезеңімен көшу туралы уағдаласқаны хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу