Еліміздің ЕАЭО елдерімен сауда айналымының 92 пайызы Ресейге тиесілі

823

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 7 802,9 млн АҚШ долларын құрады. 

Еліміздің ЕАЭО елдерімен сауда айналымының 92 пайызы Ресейге тиесілі

2019 жылғы қаңтар-мамырдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 7 802,9 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы ҰЭМ статистика комитеті хабарлады.

Аталған көрсеткіш 2018 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,1%-ға кем, соның ішінде экспорт – 2 410,6 млн АҚШ доллары (4,1%-ға азайды), импорт 5 392,3 млн АҚШ доллары (1,8%-ға өсті) болды.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,4%, Қырғызстан Республикасына – 4,1%, Беларусь Республикасына – 3,4%, Армения Республикасына 0,1% келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу