ЕАЭО елдерімен ТІЖ-ді рәсімдеу пилот жобасының мерзімі ұзарды

868

ЕАЭО елдерімен өзара саудада экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) рәсімдеу жөніндегі пилот жобасының мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ЕАЭО елдерімен ТІЖ-ді рәсімдеу пилот жобасының мерзімі ұзарды

Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) дерегінше, пилот жобасы ЕАЭО елдерімен экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде шекарадан өткенге дейін тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеуді көздейді.

"Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімделуін бақылау үшін ЕАЭО елдерімен автомобиль өткізу бекеттерінде мемлекеттік кірістер органдары тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды растауды жүзеге асырады. Мониторинг нәтижелері бойынша пилот жоба басталғаннан бері ЕАЭО елдерінен тауарлар импорты кезінде салық төлеушілердің 22%-ы тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдемегені анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап МКК сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу