Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде 2022 жылғы қаңтар-қарашада ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға өсіп, 154,8 млрд долларды құрады, деп жазады Inbusiness.kz тілшісі Еуразиялық экономикалық комиссияға сілтеме жасап.
Одақтың барлық мемлекеттерінде өсім байқалды: Қазақстанда – 8,5%-ға, Қырғызстанда – 6,4%-ға, Ресейде – 4,7%-ға, Беларусьте – 3,5%-ға, Арменияда – 0,5%-ға.
"Оң динамика негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары, бірінші кезекте дәнді және бұршақ дақылдары түсімінің ұлғаюымен байланысты, бұл өнімділіктің артуына байланысты. Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісі де өсті", - деп жазылған ЕЭК хабарламасында.