Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кеңесі жұма күні Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде қайта пайдалануға болатын электронды темекілерді бірыңғай ережелерге сәйкес таңбалауды енгізу туралы шешім қабылдады, деп жазды Inbusiness.kz.
ЕАЭО мемлекеттері таңбалау тәртібін дербес белгілейді, бұл туралы алты айдан кешіктірмей ЕЭК-ті хабардар етуі керек.
Бұл ретте таңбаланбаған өнімдерді айналымға шығаруға тыйым салуды 2022 жылдың 1 қазанына дейін енгізуге болмайды, делінген ЕЭК сауда блогының мәлімдемесінде.
"Трансшекаралық сауда шеңберінде ұлттық таңбалау операторларының өзара іс-қимылы ЕАЭО-да тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің негізгі технологиялық ұйымдастыру үлгісінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады", - деді ЕЭК Кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваган Казарян.