ЕАЭО елдерінде ең ұзақ қызмет еткен министрлер кімдер?

1082

Одаққа мүше елдер ішінде министрліктер ең көп мемлекет – Беларусь. 

ЕАЭО елдерінде ең ұзақ қызмет еткен министрлер кімдер?

Ranking.kz осы бес ел министрліктерінің басшылары қызмет еткен уақыттарын зерттеді. 2021 жылдың 21 маусымындағы жағдай бойынша, ЕАЭО-да министрлердің орташа қызмет еткен уақыты 1,6 жылды құрады, деп хабарлайды іnbusiness.kz порталы.

Орташа алғанда, Беларусь министрлері ең ұзақ уақыт - 2,8 жыл жұмыс істеген. Екінші және үшінші орындарда Қазақстан (1,7 жыл) және Армения (1,3 жыл) тұрса, одан кейін Ресей (1,2 жыл) және Қырғызстан (0,4 жыл) тұр.

Қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінің ішінде Беларусь Әділет министрі Олег Леонидович Слижевский ең ұзақ қызмет еткен ведомство басшысы болып табылады – 9,5 жыл. Одан кейінгі орында сол Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Владимирович Макей (8,8 жыл) және Салықтар мен баждар министрі Наливайко Сергей Эдуардович (6,5 жыл) тұр.

Ең аз жұмыс істегендердің арасында Қырғызстанның жаңадан сайланған министрлері де бар. Энергетика және өнеркәсіп министрі Досқұл Бекмұрзаев бір айдан аз уақыт жұмыс істеді. Яғни, биылғы жылдың 8 маусымынан бастап. Экономика және қаржы министрі Ақылбек Жапаров – 1 маусымнан, Цифрлық даму министрі Дастан Догоев - 20 мамырдан бастап еңбек етіп келеді.

Қазақстанда ең ұзақ уақыт – 4,8 жыл қызмет етіп келе жатқан – Әділет министрі Марат Бекетаев. Екінші және үшінші орындарда Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев орналасқан - сәйкесінше 2,9 және 2,4 жыл.

Жаңадан сайланған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов пен Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ең аз уақыт қызмет еткен министрлер. Олар 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап жұмыс істеп келеді.

Бүгінгі күні ЕАЭО елдерінде барлығы 89 министрлік бар: Беларусьте - 24, Ресейде - 21, Қазақстанда - 18, Қырғызстанда - 14 және Арменияда - 12 министрлік.

Еуразиялық экономикалық одаққа бес мемлекет мүше: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей. Одақтың негізгі мақсаттары – ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасын жан-жақты дамыту, ынтымақтастық, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу