2021 жылғы қаңтар-қазанда Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі өнеркәсіп өндірісі 2020 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 104,9%-ды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есепті кезеңде ЕАЭО-да тау-кен өнеркәсібінде және тау-кен саласындағы өндіріс көлемі 3,3%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 5,3%-ға, электрмен жабдықтау, газ – 7,9%-ға, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау 16,7%-ға өскен.
2021 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің өсімі барлық мүше мемлекеттерде байқалды: Беларусьте – 7,1%, Ресейде – 5,0%, Қазақстанда – 2,9% және Арменияда – 1,1%, Қырғызстанда – 0,2%.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу