ЕАЭО елдерінде пластикалық пакеттерге тыйым салынуы мүмкін

1839

Шектеу Еуразиялық экономикалық интеграциясының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы аясында жүзеге асырылады. 

ЕАЭО елдерінде пластикалық пакеттерге тыйым салынуы мүмкін

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері пластикалық пакеттерді пайдалануға тыйым салуы ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Известия" сайтына сілтеме жасап.

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) баспасөз қызметінің мәліметінше, ЕАЭО пластикалық пакеттерді пайдалануға біртіндеп тыйым салуы мүмкін. Бұл мәселе Еуразиялық экономикалық интеграциясының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы аясында қаралады.

Комиссия тиісті жоспарды дайындауды жүргізеді.

Пластикалық пакетке біртіндеп тыйым салу мәселесі 2020 жылы ЕАЭО кәсіпорындарының ынтымақтастығын дамыту жөніндегі кеңесте қаралған еді.

Беларусьтің табиғат министрлігі "Еуразиялық экономикалық интеграциясын дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясы аясында бір рет пайдаланатын пластикті, пакетті әкелуге және өндіруге біртіндеп тыйым салуға мүмкіндік беретін іс-шараны жүргізуді орынды деп санайды", - деп жазылды министрліктің ЕЭК-ға жіберген хатында.

Сондай-ақ Ресейдің экономикалық даму министрлігінің ЕЭК-ға жазған хатында "бір рет пайдаланатын пластикті өндіруге, импорттауға және тыйым салуға байланысты іс-шараларды талқылау" мүмкіндігін қарастыру туралы айтылған.

Бүгін Еуразиялық экономикалық интеграциясын дамыту стратегиясын іске асыру жоспарының жобасы талқыға салынып жатыр, деп хабарлайды Ресейдің экономикалық даму министрлігі. 

Ведомствоның мәліметінше, құжатта бір рет пайдаланатын пластикті әкелуге және өндіруге біртіндеп тыйым салу бойынша нақты іс-шараларды енгізу көзделіп отыр. Олар жобаны 2021 жылдың бірінші тоқсанында бекітуге ниетті, деп хабарлайды министрлік.

Сонымен қатар Ресейдің табиғат министрлігі қоршаған ортаның ластануына әсер ететін пластик импорты мен оны өндірудің көлемін азайтуды қолдап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу