ЕАЭО елдерінде роуминг тарифтері төмендеуі мүмкін

964

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерінде роуминг тарифтері төмендеуі мүмкін екенін мәлім етті.

ЕАЭО елдерінде роуминг тарифтері төмендеуі мүмкін

2025 жылы роуминг тарифтерінің төмендеуін күтіп отырмыз. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"(Роумингті – inbusiness.kz) Оны алып тастаймыз деп біз нені меңзеп отырмыз? Адамдарды шатастыстармас үшін роумингтің нөлге тең болмайтынын атап өткен жөн. Бірақ роуминг тарифтері үйдегі тарифтер сияқты болады", – деді министр СТВ телеарнасына берген сұхбатында.

Арман Шаққалиев Беларусь пен Ресей арасында мұндай шешім 2020 жылы қабылданғанын атап өтті.

"Биыл техникалық мәселелер шешілді... Қазір біз тариф 4 өсе төмендегенін көріп отырмыз. Одақ аясындағы жобада біз тарифтер үйдегі тарифтерге жақындайды деп отырмыз. Сондықтан батыл қадамдар жасауымыз керек", – деді Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министр.

Айта кетейік, биыл қазанның соңында ЕЭК кеңесі ЕАЭО елдерінде роумингті алып тастау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу