2017 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде номиналды айлық жалақы көлемі арта түсті. Ұйымға мүше елдердің ұлттық статистика қызметінің мәліметтерінше, Беларусьта оның өсімі 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 9,5 процентті құраған, Ресейде ол 7,2%, Қырғызстанда - 5,5%, Қазақтанда - 5,1%, Арменияда - 1,3% болды. Орташа айлық номиналды жалақы АҚШ долларына шаққанда өткен жартыжылдықта Ресейде - 666 долларды, Қазақстанда - 455, Беларусьта - 405, Арменияда - 387, Қырғызстанда 209 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу