ЕАЭО елдерінде вето салу құқығын шектеу ұсынылды

691

Беларусьтің экономика министрі одақ елдерінің үкімет басшыларынан вето, яғни тауарды кіргізуге тыйым салу өкілеттігін алып тастауды ұсынды.

ЕАЭО елдерінде вето салу құқығын шектеу ұсынылды

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ветоға шектеу қойып, саудаға кедергі келтіретін құқықтық актілерге мараторий жариялау керек. Мұндай ұсынысты Беларусь мемлекетінің атынан елдің экономика министрі Дмитрий Крутой мәлімдеді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында ол өзара алыс-берісті дамыту туралы одақ келісімі әлсіз жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.

"2018-2019-шы жылдары 17 кедергіні жоямыз деген жоспарға келсек, бүгінде тек біреуі ғана шектелді", – дейді Дмиртрий Крутой.

Беларусьтің экономика министрі одақ елдерінің үкімет басшыларынан вето, яғни тауарды кіргізуге тыйым салу өкілеттігін алып тастауды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу