ЕАЭО елдеріндегі тоғышарлық цифрлық күн тәртібінің интеграциялануына кедергісін келтіруде – Шувалов

991

ЕАЭО елдеріндегі тоғышарлық цифрлық күн тәртібінің интеграциялануына кедергісін келтіруде – Шувалов

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің цифрлық күн тәртібінің интеграциялануы тоғышарлықтан табандамай отыр, деп санайды Ресейдің вице-премьері Игорь Шувалов.

 "Әр елдің үкіметтері цифрлық технологиялар мен цифрлық экономиканы жылдам енгізуге мүдделі болуы, барлығымызды өз ұлттық бағдарламаларымыздың тұзағына түсірмесе игі. Әрі батыстың, шығыстың цифрлық технологияларына тәуелді болып, жаһандық цифрлық күн тәртібінде дербес цифрлық элемент ретінде таныла алмауымыз мүмкін. Бұл үлкен қатер", – деді  Астанадағы "Еуразиялық апталық" халықаралық форумында сөз алған Игорь Шувалов. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазып отыр.

Ол ұлттық деңгейде цифрлық күн тәртіпке жауаптылар Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірігіп, оны танытуға атсалысуы керек деп атап кетті.

"Осы немесе басқа да сегмент бойынша ұлттық бағдарламалардың қара үзіп кеткенін көріп отырмыз. Ал біз болсақ, ұлттық деңгейде тәсілдерді мақұлдай алмай отырмыз. Әлі күнге дейін "Еуразиялық кеңістікте цифрлық күн тәртібін дамытудың негізгі бағыттары"  атты құжатты мақұлдаған жоқпыз", – деді Игорь Шувалов.

"Жиналған сайын қайдағы бір ұсақ мәселелерді көтереміз. Ал негізгі мәселе әлі күнге дейін мақұлданбай отыр", – деді РФ вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу