Дәлірек айтсақ, осы кезеңде жүк айналымы Қырғызстанда (8,0%-ға), Қазақстанда (3,1%-ға), ал жолаушылар айналымы Армения (77,2%-ға), Ресей (12,9%-ға), Қазақстан (11,5%-ға), Беларусь (9,1%-ға) және Қырғызстан елдерінде (7,7%-ға) өсті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты eec.eaeunion.org порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті 2023 жылдың қаңтар–қазан айларындағы Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне ай сайынғы аналитикалық шолуды жариялады.
2023 жылғы қаңтар – қазан айларында ЕАЭО өнеркәсіп өндірісінің өсімі 3,7%-ға, ал аяқталған құрылыс жұмыстарының көлемі – 8,7%-ға және бөлшек сауда айналымы – 5,7%-ға артқаны байқалды.
2023 жылдың тоғыз айындағы жалпы ішкі өнім алдын ала болжам бойынша, 1701,3 млрд долларды құрады (2022 жылғы қазан–қыркүйектегі деңгеймен салыстырғанда 103,1%).
Сонымен қатар, негізгі капиталдағы инвестициялар 2023 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде 2022 жылғы қаңтар– қыркүйектегі деңгейден 10,3%-ға артқаны игерілді.
Сондай-ақ, 2023 жылғы қаңтар–қазан айларындағы негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің валюталарында доллардан бөлек есептелінген.
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаментінің "Аналитикалық шолулар" бөлімінде берілген.