ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы секторында өндірісі көлемі 2,8%-ға артты

Биылғы жылдың қаңтар айында ЕАЭО елдері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда барлық санаттағы шаруа қожалықтарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді 2,8%-ға ұлғайтты, деп хабарлайды ЕЭК.  

ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы секторында өндірісі көлемі 2,8%-ға артты Фото: Dela.ru

Мәселен, Беларусьте өсім 3,4%, Қазақстанда 3,3%, Ресейде 2,7%, Қырғызстанда 1,7% болды. Армения бойынша көрсеткіштер жоқ, өйткені деректер тоқсан сайын анықталады.

Есепке сәйкес, қаңтарда мал мен құс етін өндіру 1,556 млн тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 5%-ға артық.

ЕАЭО елдеріндегі сүт өндірісі қаңтарда 3,3 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3,9%-ға артық. Соның ішінде Беларусьте өндіріс 3,4%-ға, 665 мың тоннаға, Қазақстанда – 3%-ға, 267,1 мың тоннаға, Қырғызстанда – 1,7%-ға, 83 мың тоннаға, РФ-да – 4,2%-ға, 2,29 млн тонна.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу