Иран елі мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім ағымдағы жылдың соңына қарай күшіне енуі мүмкін. Петерборда өткен форумда одақтың Экономикалық кеңесіндегі алқа мүшесі Вероника Никишина мен Иранның Ақпарат және коммуникациялар министрі Махмуд Ваэзи осы мәселені талқылады. Мамандардың ұйғарымынша аталмыш ел мен одақ арасындағы келісім Еуразиялық одаққа мүше елдеріндегі экспорт көлемі 73 пайызға өсіруі мұмкін. Жалпы тасымалданатын тауарлардың 81 пайызы ауыл шаруашылығы емес өнімдер болмақ. Айта кетсек, бүгінгі таңда Одаққа мүше елдер Иранға, бидай, арпа, жүгері, өсімдік майын, ауыр жүк көлігін, орман шаруашылығы материалдары мен қағаз және болат металын жеткізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу