Соңғы бір жылда Қазақстан ЕАЭО елдері ішінде тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуі бойынша үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросының мәлімдемесіне сілтеме жасап.
ЕАЭО елдерінің мамырдағы инфляциясының деңгейі:
Ресей – 17%;
Беларусь – 17%;
Қазақстан-14%;
Қырғызстан – 14%;
Армения-9%.
Қазақстанда тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар 19,2%-ға, Беларусьта 19,3%-ға, Ресейде 22%-ға қымбаттады.
Мамыр айында өткен аймен салыстырғанда Қазақстанда тұтыну бағаларының индексі 101,4%, Беларусьта 100,7%, Қырғызстанда 100,3%, Арменияда 100,1% және Ресейде 100,1% болды.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу