ЕАЭО елдерінің ортақ валютасы 2025 жылы пайда болуы мүмкін

766

ЕАЭО елдерінің ортақ валютасы 2025 жылы пайда болуы мүмкін

Ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ортақ валютасы 2025 жылы пайда болуы мүмкін. Бұл жайлы Ресей Федерациясының экономикалық даму министрі Максим Орешкин мәлімдеді.

Ведомосва басшысы ортақ валютаны құруда Еуроодақтың қателігін қайталамау керек екенін баса айтты. Ол үшін алдымен тауар мен қызмет нарығын қалыптастырып, оны бақылау жүйесін қолға алу керек. Бұған қоса, қаржылық және банктік жүйе бір қалыпқа келгеннен кейін ғана ортақ валютаны құру идеясы қарастырылмақ. Еуразиялық даму банкі де өз кезегінде Еуроодаққа тиесілі ЭКЮ ақша бірлігін үлгі ретінде алып, ұлттық валютамен қатар жүретін өңірлік есеп айырысу бірлігін енгізуді ұсынды.

Айта кетейік, бұған дейін блокчейн технологиясы негізінде халықаралық есеп айырысу бірлігін құру идеясын елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу