ЕАЭО елдерінің өзара саудасы 2017 жылы 26,7 пайызға артты

1117

ЕАЭО елдерінің өзара саудасы 2017 жылы 26,7 пайызға артты

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өзара саудасы 2017 жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 26,7%-ға артты, айтарлықтай өсім тауар түрлері бойынша болған, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Одақ әлемдік қаржы дағдарысы салдарын жеңілдетіп, мүше мемлекеттерге жоспарлы экономикалық дамуға шығуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, ЕАЭО елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму бойынша көрсеткіштері  жақсарды. 2017 жылы өзара сауда айтарлықтай өсті", - дейді Еуразиялық экономикалық комиссиядан.

Он айдың қорытындысы бойынша өзара сауда 26,7%-ға артты, оның құны шамамен 44 млрд долл жетті. Өзара сауда мемлекетаралық тауар ағымы бойынша артты (123%-дан 136%-ға дейін). Мұнай өнімдерінің құны 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында 1,7 есе артты, сандық көлемде –  1,5 есе өсті, синтетикалық жуу құралдары – 2,7 есе немесе 5,2%-ға; жеңіл көліктер – 1,3 есе немесе 16%-ға; қант – 11 есе немесе 12 рет сәйкесінше көбейді.

ЕЭК атап өткендей, шикізат емес тауарлар экспортының өсімі алда келе жатыр. Аталмыш тауар түрлерінің Одақ нарығына жеткізілуі  2017 жылдың қаңтар-қазан айларында 32,7%-ға көбейді, осы ретте экспорт көлемі 27,7%-ға артқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу