ЕАЭО елдерінің үкіметтері тауарды таңбалау туралы келісімге қол қояды

968

ЕАЭО елдерінің үкіметтері тауарды таңбалау туралы келісімге қол қояды

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) коллегиясы Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) тауарларды сәйкестендіру құралымен таңбалау туралы келісім жобасын мемлекетішілік келісім алуға жіберді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

ЕЭК хабарлағандай, комиссияның жұмыс тобы даярлаған құжат одақ елдерінің үкіметіне жіберілді. Болашақта ЕЭК кеңесінің келісімі алынғаннан кейін құжат мүше-мемлекеттірдің үкімет басшыларына қабылдауға және қол қоюға ұсынылады. Құжатқа 2017 жылдың соңына дейін қол қойылады деп күтілуде.

"Жобаны жасақтау барысында тұтынушылардың құқығын, денсаулығын қорғауға, ЕАЭО аумағында тауарлардың заңды айналымын қамтамасыз етуге басымдылық берілді. Құжат таңбалаудың негізгі механизмдерін анықтайды. Бұл құжаттың қызметіне нақты қандай тауарлар енетіні болашақта ЕЭК кеңесінің отырсында анықталады", - деп түсіндірді комиссиядан.

Келісімге берілген жоба аясында тауарлар олар туралы бірыңғай реестрге енгізілетін ақпаратмен, сәйкестендіру құралдарымен таңбалануы керек. Реестрді құратын және оның жұмысын жүргізетін ЕЭК болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу