ЕАЭО-ға ең кенже дамыған елдерден баж салығынсыз келетін тауарлар тізімі бекітілді

1209

ЕАЭО-ға ең кенже дамыған елдерден баж салығынсыз келетін тауарлар тізімі бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кеңесі ең кенже дамыған 49 мемлекеттен және 104 дамушы елден келетін кедендік баж салығы 25% төмендейтін немесе мүлдем алынып тасталатын тауарлар тізімін бекітті. Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

Тізім Бүкіләлемдік сауда ұйымының IX Министрлер конференциясындағы ең кенже дамыған елдердің тауарларына қолжетімділікті ырықтандыру жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында құрылды. Дайындалған тізім тарифтік артықшылықтарға ие тауарларды (ет және қосалқы тағамдар, балық, сүт өнімдері, бал, жемістер, жаңғақтар, кофе, шай, күріш, дәмдеуіштер, какао бұршақтары, коллекциялау және антиквариат бұйымдары, бағалы металдар мен маржан, қолдан тоқылған кілемдер) және аз дамыған елдерде тарифтік артықшылық кеңейтілген тауарларды (қара және түсті металлдар, машина құрылысы өнімдерінің кей түрлері) қамтиды. "Ешқандай баж салығынсыз келетін тауарлар саны барлық номенклатураның 62% құраған. Алдағы уақытта баж салығынсыз қолжетімділікті тауар номенклатурасының 97%-ға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз, - деп мәлімдеді ЕЭК Алқасының мүшесі Вероника Никишина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу