ЕАЭО-ға көлікті уақытша кіргізу мерзімі ұзартылды

789

Осылайша автомобильдер мен басқа да техниканы уақытша кіргізген азаматтар 30 қыркүйекке дейін оларды ЕАЭО-дан қайта шығару міндетінен босатылды.

ЕАЭО-ға көлікті уақытша кіргізу мерзімі ұзартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарының ЕЭО аумағында уақытша болу мерзімін 30 қыркүйекке дейін ұзартты. ЕЭК баспасөз қызметі хабарлағандай, коронавирус инфекциясына қарсы жүргізіліп жатқан шаралар үшін қозғалыс тоқтатылғанына байланысты жеңілдік жасалды. 

Енді шетелдік нөмірдегі (мұның KZ, KG, RUS, BY, AM нөмірлеріне қатысы жоқ) автокөлікті елге уақытша кіргізгендер 30 қыркүйекке дейін оны елден шығару міндетінен босатылады, сәйкесінше, айыппұл төлеп, кедендік төлем жасамайды. Бұл шешім 2020 жылдың 1 наурызынан 30 қыркүйегіне дейін кіргізілген шетелдік машиналарға қатысты. 

ҚР Кедендік кодексінің 347-бабына сәйкес, ЕЭО елдерінде тіркелмеген азаматтардың жеке қолдану мақсатында ЕЭО аумағына уақытша көлік кіргізуіне тек бір жыл беріледі. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу