ЕАЭО-ға мүше елдердегі еңбек өтілі бірдей есептелетін болады

1036

Ол үшін арнайы келісім әзірленіп жатыр.

ЕАЭО-ға мүше елдердегі еңбек өтілі бірдей есептелетін болады

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысқан Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі еңбек өтілі бірдей есептелетінін жеткізді. Ол үшін одаққа мүше елдер арасында арнайы келісім әзірленіп жатыр.

Яғни, азаматтардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің кез келгенінде жинақтаған еңбек өтілі зейнеткерлікке шыққанда есепке алынады. Бұл норма одаққа мүше бес мемлекеттің барлығына ортақ болмақ.  

"Бұл барлық азаматтар үшін маңызды деп есептеймін. Яғни, олар одаққа мүше мемлекеттердің кез келгенінде жұмыс істей алады. Ал еңбек өтілі тиісті құжаттармен куәландырған жағдайда есепке алынады. Бұл құжат одақ тұрғындарының мүддесі мен құқығын толықтай қорғауға мүмкіндік береді", – деді Владимир Путин.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу