ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Қытаймен ұлттық валютасында есеп айырысуы қажет

958

Қытай АҚШ-пен сауда соғысынан кейін доллардан бас тартып жатыр.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер Қытаймен ұлттық валютасында есеп айырысуы қажет

Одақтас мемлекеттердің әрқайсысы Қытаймен тек өз ұлттық валютасында ғана есеп айырысу қажет. Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев осындай ұсыныс жасап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Келтірген дәйегіне қарағанда, қазір одақтас 5 мемлекеттің ішкі сауда-саттығы да, ресми Бейжіңмен де жеке алыс-берісі мейлінше өскен. Сондықтан енді қаржылық бақылау жүйесін біріктіру мұқтаждығы туындап тұр. Қытай да қазір АҚШ-пен сауда соғысынан кейін доллардан бас тартып жатыр. Сондықтан стратегиялық әрептестерімен тауар айналымында ұлттық валютасы – юаньмен есеп айырысуды бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу