"Армения 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған Армения Республикасының қосылуы туралы шарт аясында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылды. Оны барлық мүше-мемлекеттер ратификациялады және 2015 жылғы 2 қаңтарда Армения ЕАЭО-ның толық құқылы мүшесі болды. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағы бойынша Армения тарапынан электр энергиясын мемлекетаралық беру, өзара қарым-қатынасты реттеу аясында хаттама әзірленді. Оның мақсаты – Арменияның шартқа қосылуына байланысты ЕАЭО елдері арасында электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасын айқындау", – деді энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов.
Айта кетейік хаттама жобасы 2017 жылғы наурызда Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің үкімімен мақұлданды.
"Қазіргі кезде хаттама Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей елдері тарапынан ратификацияланды. Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды. Мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыс талап етпейді", – деді вице-министр.
Қанат Махамбет