ЕАЭО халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жоспарлы құжаттарды әзірлейді

481

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

ЕАЭО халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жоспарлы құжаттарды әзірлейді Фото: Евразийская экономическая комиссия

ЕЭК пен халықаралық ұйымдар арасында жасалған меморандумдарды іске асыруды талқылау бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сараптамалық кеңесі өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Атап айтқанда, бұл Шанхай ынтымақтастық Ұйымының Секретариаты және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің Секретариатымен меморандумдарға қатысты.

Аталған жоспарларды іске асыру ШЫҰ және АӨСШК өңірлеріндегі экономика салаларындағы өзекті даму үрдістерін қабылдауға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты дамытуда біздің әріптестерімізбен жинақталған тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік береді.

Жоспар жобасына көлік инфрақұрылымы мен логистика, өнеркәсіп, цифрландыру, агроөнеркәсіп және басқалар сияқты Қазақстан үшін өзекті және маңызды салалардағы ынтымақтастықты дамыту енгізілді.

Аталған ұйымдардың өңірлерінің іскер топтарымен және бизнес-қауымдастықтарымен байланыс орнату өткізу нарықтарының географиясын және экспортқа арналған қазақстандық тауарлар каталогын кеңейтуге қосымша серпін береді.

Бұдан басқа, ШЫҰ-мен ынтымақтастықты дамыту қазақстандық бизнестің әлемдік ЖІӨ-нің 30%-дан астамын, яғни 38,5 трлн доллар және әлемдік сауданың 16% құрайтын мүше елдердің нарықтарына қол жеткізу мүмкіндігін ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу