ЕАЭО интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасқанына қарамастан, Батыста оның өміршеңдігіне сенбейді – РФ СІМ орынбасары

2213

ЕАЭО интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасқанына қарамастан, Батыста оның өміршеңдігіне сенбейді – РФ СІМ орынбасары

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) өзінің өміршеңдігін дәлелдегеніне қарамастан, Батыс бұл одаққа шүбәмен қарайды, деп мәлімдеді РФ СІМ басшысының орынбасары Василий Небензя жұма күні өткен Еуразиялық экономикалық ықпалдастықтың  11-конференциясында.  

"Ашығын айту керек, ЕАЭО-қа, әсіресе Батыстағылар  күмәнмен немесе менменси қарайды, әсіресе жобаның өміршеңдігіне сенбейді, олардың көзіне Кеңес Одағы елестейді де тұрады", – деді ол, деп жазады "Интерфакс".

"Әйтсе де біздің одақ интеграциялық бірлестік ретінде өзін-өзі танытты, ол тең құқықтық, ашықтық, кемсітпеушілік, өзара сыйластық және барлық қатысушылардың мүддесін ескеру негіздеріне құрылған", – деп атап өтті дипломат.

Ол аталған ұйым шеңберінде "Ресей, одақтың ең ірі экономикасы ретінде, өз дербестігінің бір бөлігінен саналы түрде бас тартты, өйткені шешімдер консенсус арқылы қабылданады" деп атап көрсетті.

Василий Небензя ешқандай ел өз дербестігінен бас тартпайтынын айтты. РФ СІМ орынбасары одақ басқа интеграциялық процестермен үйлесімді болуға дайын екенін тілге тиек етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу