ЕАЭО Қазақстанның экспортын 660 млн долларға "шегереді"

532

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы әкімшілік кедергілердің әлегі экспорттық пеотенциялымызды шектеп жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова бүгін осындай мәлімдеме жасады. 

ЕАЭО Қазақстанның экспортын 660 млн долларға "шегереді"

"ЕАЭО аясындағы серіктес елдердің нарығын игеру кезінде мынандай жайттар анықталып отыр. Жекелеген жағдайларда қазақстандық экспортты шектеу шаралары туындауда. Бұған дейін де одақ аясындағы кедергілер туралы көп айтылып келді. Дәлелденген 62 кедергінің 51-і жойылды. Оның 25-і Ресейге тиесілі болған. Дегенмен, жасырын кедергілер әлі де бар. Соның ішіндегі әкімшілік кедергілерді айтпайт кетуге болмайды. Сарапшылардың бағалауынша, ЕАЭО-дағы анықталған кедергілер жыл сайын қазақстандық экспорттың 660 миллион АҚШ долларын "шегереді", - деді вице-министр. 

Есжан Ботақара

Фото: russianskz.info

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу