ЕАЭО құрамындағы елдердің тауар айналымы 32,5%-ға ұлғайды

1022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында ұйымға мүше мемлекеттердің арасындағы тауар айналымы соңғы 9 айда 52 млрд долларға жеткенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ЕАЭО құрамындағы елдердің тауар айналымы 32,5%-ға ұлғайды

Президент ЕАЭО құрамындағы елдердің тауар айналымы 32,5%-ға ұлғайғанын тілге тиек етіп, қазіргі нәтиже пандемияға дейінгі кезең көрсеткішінен 16,5%-ға жоғары екенін айтты. 

"Одақ елдері арасындағы экспорт көлемі де артты. Мәселен, Қазақстан экспортының көлемі 39%-ға көбейді. Одаққа қатысушы басқа елдердің де экспорт көлемі ұлғайды. Бұл сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамығанының, оның құрылымының жақсарғанының және бәсекеге қабілеттілігінің артқанының белгісі", – деді Қазақстан басшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу