Отырыс бейнебайланыс режимінде өтеді. Бұл жаңалықты ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция вице-министрі Жанел Күшікова мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мемлекет басшылары 15 мәселені, оның ішінде 2 мәселені "шағын" құрамда, 13 мәселені "кең" құрамда талқылайды. Олардың ішінде ішкі тұтыну үшін газ тасымалдауға тариф белгілеу, ЕАЭО-ның негізгі серіктестерімен орта мерзімді перспективаға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту тәсілдерін бекіту мәселелері бар. Сондай-ақ, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қатысушылары медициналық қолдануға арналған стратегиялық маңызды дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанцияларды өндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітпек.
"Бұдан басқа, мемлекет басшылары ЕЭК-тің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кедергілерді жою жөніндегі жұмыс барысы туралы ақпаратын, шет елдермен, интеграциялық бірлестіктермен және ЕАЭО халықаралық ұйымдарымен 2020 жылғы ынтымақтастық қорытындыларын тыңдайды. ЕЭК-тің трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және 2020 жылға арналған бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы есеп айтылады", - деді ол.
Аян Бекенұлы