ЕАЭО мен Иран екіжақты саудадағы баж салығын алып тастауды көздеп отыр

309

Сонымен қатар, екі тарап тарифтік емес кедергілерді азайтуды жоспарлап отыр. 

ЕАЭО мен Иран екіжақты саудадағы баж салығын алып тастауды көздеп отыр Фото: pixabay.com

ЕЭК Сауда министрі Андрей Слепнев EURASIA EXPO халықаралық көрмесінде ЕАЭО мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі туралы айтты. Ол Тегеранда 2023 жылдың 4 желтоқсанында басталды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Еуразиялық экономикалық комиссиясының telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды. 

2019 жылдың қазан айынан бастап ЕАЭО мен Иран арасында уақытша жеңілдікті сауда келісімі күшіне енді. Осыған сәйкес, тауарлардың шектеулі ассортименті бойынша өзара саудадағы баж салығы алынып тасталды.

"Соңғы үш жылда ЕАЭО мен Иран арасындағы сауда екі есеге артқанын көріп отырмыз. Сондай-ақ, екі тараптың бизнесі ынтымақтастық шарттарын одан әрі жақсартуға мүдделі екенін атап өткен жөн. Осы айдың соңына дейін толық метражды келісімге қол қойылады, онда барлық дерлік сауда бажсыз жүзеге асырылатыны және тарифтік емес кедергілер азайтылатыны белгіленеді. Сауданы қайта еселеуге барлық мүмкіндік бар екеніне сенімдімін", - деп түсіндірді Слепнев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу