ЕАЭО мен Қытай арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық келісімі бекітіледі

872

ЕАЭО мен Қытай арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық келісімі бекітіледі

ЕАЭО аумағында еркін сауда жүйесі құрылуда. Мәселен, өткен жылдың қазанында Вьетнам елімен еркін сауда аймағы туралы келісім жасалды. 2015-2016 жылдары дәл осындай келісімдерге қол жеткізу үшін Египет, Израиль, Үндістан және Сингапур мемлекеттерімен келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды  abctv.kz.

Осы жылдың күзінде ЕАЭО мен Қытай халық республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық келісімін бекіту туралы кезекті келіссөздер басталмақ. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ пен Жібек жолы экономикалық белдеуін түйіндестіру бойынша да тиісті жұмыстар қолға алынуда.
"Еуразия апталығы" халықаралық форумында айтылған деректерге сүйенсек, 2016 жылы ЕАЭО мүше мемлекеттердің өзге елдермен арадағы сауда айналымы 509,7 млрд АҚШ долларын құраған. Оның 308,4 млрд АҚШ доллары экспортқа тиесілі. Импорт көлемі – 201,3 млрд АҚШ доллары. 2016 жылы Қазақстан ЕАЭО құрамына енбейтін өзге елдерге 32,858 млн АҚШ доллары көлемінде тауар экспорттаған. Ал импорт көлемі 15,508 млн АҚШ долларын құрады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу