ЕАЭО мен Қытайдың әлеуетін барынша пайдаланамыз – Қасым Жомарт Тоқаев

1026

Мемлекет басшысы ЖІӨ-нің өсімін жетістік етіп жарнамалаудан бас тартуды ұсынды.

ЕАЭО мен Қытайдың әлеуетін барынша пайдаланамыз – Қасым Жомарт Тоқаев

Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Қазақстан экспортының негізгі алаңы болуға тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елдермен экономикалық байланыс қай бағытта дамитынын айтты. 

"Қазақстанның игілігі үшін  Еуразия экономикалық одағының және "Бір белдеу – бір жол" жобасының зор мүмкіндіктерін барынша пайдаланған жөн. Әлемде қалыптасқан жаңа ахуалда елге инвестиция тартып, отандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару Үкімет үшін ерекше басымдыққа ие болып отыр. Astana халықаралық қаржы орталығының әлеуетін тиімді пайдаланған жөн. Қаржы орталығы тікелей және портфельді инвестициялар тартыудың негізгі құралына айналуға тиіс. Түйіндей келе айтарым, ішкі жалпы өнімнің абстрактілі өсімімен жұртты қуанта айлмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түлік керек", – деді ол өз Жолдауында. 

Есжан Ботақара 
Фото: ca-portal.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу