ЕАЭО мен Сингапур 1 қазанда еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қояды

1358

Тараптар арасындағы келіссөздер жемісті аяқталды. 

ЕАЭО мен Сингапур 1 қазанда еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қояды

Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Вероника Никишинаның айтуынша, қазір Мысырмен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздер жүріп жатыр. 

1 қазанда Ереванда ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларының кездесуі өтеді. Жиын барысында тараптар одақ пен Сингапур арасындағы еркін сауда аймағын құру туралы келісімнің бірінші бөліміне қол қоймақ.

Айта кетейік, ЕАЭО құрамына Армения, Белорусь, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан елдері кіреді.

ЕЭО мен Сингапур келісімі жеті шарттан тұрады. Бірінші шартқа, яғни тек тауар саудасы туралы құжатқа бүкіл одақ атынан келісім беріледі. Сондай-ақ ЕАЭО елдерінің әрқайсысы осы елмен қызметтер саудасы және инвестициялық режим туралы екіжақты бес келісімге қол қояды. Никишинаның мәліметінше, жетінші келісім барлық келісімдер жиынтығын бір пакетке біріктіреді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу