ЕАЭО мен Сингапур еркін сауда аймағы туралы келіссөз жүргізеді

1007

ЕАЭО мен Сингапур еркін сауда аймағы туралы келіссөз жүргізеді

Еуразиялық экономикалы кеңес  Сингапур Республикасымен еркін сауда аймағы туралы  келіссөз жүргізуді дұрыс деп тапты, деп хабарлады кеңестің баспасөз қызметі.
Комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Сингапурмен келіссөзі бірлескен зерттеу тобының жұмысы аяқталған соң басталады.

"Комиссияның кеңесі  Сингапурмен одан әрі жұмыс істеудің бағыты туралы концептуалдық шешім қабылдады", – деп атап өтті  ЕЭК сауда жөніндегі алқа мүшесі Вероника Никишина.

Сингапурде импорттың барлық түрі  кедендік баж салығынан босатылғаны ескеріліп, қарым-қатынасты дамытудың осыған байланысты әлеуетіне,  қызмет саудасы және инвестицияға қатысты преференциялды режимге көшуге ерекше назар аударылады.

Кеңестің отырысында  жауапкершілік саласын бөлу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Атап айтқанда,  сингапурлік әріптестермен инвестицияға қатысты диалогты одаққа мүше елдердің өкілдері  өз беттерінше жүргізеді. Ал комиссия болса жалпы ЕАЭО-Сингапур форматындағы өзара іс-қимылды үйлестіретін болады", – деп атап өтті ЕЭК сауда жөніндегі министрі Вероника Никишина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу