ЕАЭО мұнай мен газ өндіруден әлемде бірінші орында

1430

Қазақстан үшін ЕАЭО үлкен мүмкіндіктер беретін нарық.

ЕАЭО мұнай мен газ өндіруден әлемде бірінші орында

Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық экономикалық одақ: маңызы, жетістіктері, даму болашағы тақырыбында өткен неміс бизнесінің конференциясында "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Евгений Больгерт ЕАЭО құрамына кіретін Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения мемлекеттерінің біріккен әлеуетінің ауқымын былай түсіндірді:

"ЕАЭО-да бизнесмендер үшін зор мүмкіндік бар. Ортақ нарықтың әлеуеті туралы қызықты ақпаратқа тап болдым. Одаққа кіретін бес елдің экономикасының жиынтық ауқымы жайлы сандар келтірейін: ЕАЭО мұнай өндіруден әлемде 1-орында, газ өндіруден 1-орында, минералды тыңайтқыштар шығарудан 2-орынды иеленсе, бидай жинаудан 3-орын, электр қуатын өндіруден 4-орын алады. Нарықтағы  адам саны – 183 миллионнан астам. Қазақстан үшін ЕАЭО үлкен мүмкіндіктер беретін нарық болып қала бермек. Кәсіпкерлердің тұрақты дамып отыруына нарықтың әлеуеті бар. Сонымен қатар, бұл – сын-тегеурін. Қазақстандықтар ортақ нарықта табысты болуы үшін бәсекелесуіне тура келеді",– деді "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Евгений Больгерт.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу