ЕАЭО мүше мемлекеттер жаңа кеден кодексін талқылайды

1482

ЕАЭО мүше мемлекеттер жаңа кеден кодексін талқылайды

Еуразиялық одақ елдері үкіметтерінің басшылары Мәскеуде 16 қарашада ЕАЭО жаңа Кеден кодексінің мәтінін түпкілікті келісуді қарастыруы мүмкін. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян мәлімдед, деп хабарлайды 7kun.kz.

Саркисянның айтуынша, тараптардың 2-3 мәселені ғана келісуі қалды, сосын жаңа Кедендік кодекс Астанаға Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына  келетін Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения  үкіметтері басшыларының қарауына енгізілуі мүмкін.

Бұрын хабарланғандай, ЕАЭО үкіметтерінің басшылары Минскідегі саммитте жаңа КК жобасын қарастырып, құжатты пысықтауды тапсырған. Жаңа кодекс 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі мүмкін. Жаңа кодексті әзірлеушілердің пікірінше,  ол сыртқы экономикалық қызметтің тетіктерін айтарлықтай жақсартады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу