2023 жылғы қыркүйекте орташа айлық номиналды және нақты (тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексіне түзетілген) жалақы 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдерінде өсті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Еуразиялық экономикалық комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Орташа айлық бойынша, нақты жалақының ең жоғары өсу қарқыны Армения (113,4%), Қырғызстан (110,7%) және Беларусь (110,1%) елдерінде тіркелді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, орташа айлықтың номиналды жалақы мөлшері Қырғызстандағы 32 мың сомнан (30 мың ресей рублі) Ресейде 70 мың рубльге дейін болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу