ЕАЭО-ның өз арбитраждық соты болады

1060

Енді корпорациялар Лондон мен Стокгольм сотына жүгіне алмайды.  

ЕАЭО-ның өз арбитраждық соты болады

"Корпоративтік дауларды Еуропаға барып шешуді қою керек". ЕЭК алқасының интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазиевтің орталық коммуникацляилар қызметінде айтқан ұсынысынан осындай астар аңдауға болады.

"Егер кооперацияны біздің дамуымыздың басты бағыты болады десек, өзара сауда-саттық пен бірлескен инвестициялардың аясын кеңейтудің қосымша тетігі ретінде корпоративтік құқық нормаларын жақындастыру туралы ойлауымыз керек. Соның арқасында бизнес экономикалық кеңестікте бағытын айқын түсіне алар еді.   Өйткені бір кеңістікте бес бірдей юрисдикция бар. Біз ЕАЭО-ның арбитраждық немесе третей сотын құру мәселесін қарауға болады деп ойлаймыз. Қазір ЕАЭО соты жұмыс істейді. Бірақ оның өз функционалдық міндеттері бар. Корпорациялар арасында үнемі дау туындап жатады. Маңызды әріптестік жобалардың ешқайсысы онсыз іске аспайды да. Яғни бәрібір төреші керек. Қазір біздің корпорациялар арада туындаған дауды шешу үшін Лондонға, Стокгольмге баратынын білесіздер. Оның қосымша шығындары бар. Бізге шаруашылық дауларды шешудің еуразиялық жолын табу керек. Кәсіпорындарымыздың арасында өзара сенім қалыптастыру үшін бұл өте қажет. Сенім жоғарыласа, несеиелеу мүмкіндіктері де көбейеді", - деді сергей Глазиев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу