ЕАЭО-ның техникалық регламенті негізінде батуттарды пайдалану ережесі әзірленуде

888

Индустрия министрлігі әзірлеп жатқан батуттарды пайдалану ережесінің негізіне кедендік одақтың техникалық регламентінің талаптары кіреді.

ЕАЭО-ның техникалық регламенті негізінде батуттарды пайдалану ережесі әзірленуде

Қазақстанда осы апта ішінде батуттарды пайдалану ережесі әзірленеді, олардың қауіпсіздігін бақылау функциясы жергілікті атқарушы органдарға жүктелген, деп мәлімдеді ТЖ комитеті төрағасы Владимир Беккер.

"Батуттарға қатысты айтар болсақ, президент әкімшілігі басшысы Бақытжан Сағынтаев сенбі күні ІІМ, индустрия министрлігі және "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мамандарын шақырып жиналыс өткізіп, онда аталған мәселе қаралды. Индустрия министрлігіне ереже әзірлеу тапсырылды, оған өзіміздің ұсыныстарымызды дайындадық. Жұмыс тобының құрамына кірдік", – деді Беккер сейсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы баспасөз мәслихатында.

"Аттракциондарды пайдалануды бақылау жергілікті органдарға тапсырылды", – деді ол. 

Владимир Беккердің түсіндіруінше, индустрия министрлігі әзірлеп жатқан батуттарды пайдалану ережесінің негізіне кедендік одақтың техникалық регламентінің талаптары кіреді.

Қазақстанда жыл сайын батутта секіретін балаларға қатысты жазатайым оқиғалар болады. Соның бірі 25 мамыр күні Қарағанды қаласында орталық саябақта орын алған оқиға. Қатты жел батутты аударып, нәтижесінде алған жарақаттарынан 11 жасар бала сол жерде қайтыс болды. Ал екі бала түрлі жарақат алған.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу