ЕАЭО одақ елдерінің астаналары арасында әуе қатынасын жолға қоймақшы

1050

ЕАЭО одақ елдерінің астаналары арасында әуе қатынасын жолға қоймақшы

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері  одаққа мүше елдердің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етуді қолға алады, деп мәлімдеді сенбі күні Ереванда Ресейдің көлік министрі Максим Соколов Арменияның премьер-министрі Карен Карапетянмен болған кездесуде, деп хабарлайды РИА Новости.

Кездесу  ЕАЭО мемлекеттері көлік саласының өкілетті басшыларының алтыншы кеңесі шеңберінде өтті.

"Отырыста ЕАЭО елдері президенттері мен үкімет басшылары арасында қол жеткізілген көлік саласына жататын уағдаластықтардың  орындалу барысы қаралып,  көлік байланысындағы шектеуді жою және  біріктіруге бағытталған жаңа идеяларды іске асырудың мүмкіндіктері талқыланды", – деп келтіреді  армян үкіметінің баспасөз қызметі Соколовтың сөзін.

Министрдің айтуынша,  қолға алынған бағдарламалар  интеграциялық бірігуді дамыту, экономикалық байланыстарды ілгерлетуге жаңа серпін бермек. Өз кезегінде Карапетян ЕАЭО мүшесі ретінде Армения көлік нарығын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беретінін атап өтті.

"Келісілген саясатты жүзеге асыру одақ ішінде бағдарларды дамытуға, сондай-ақ ЕАЭО-ты үшінші елдермен байланыстыруға ықпал етуге тиіс", – деген ол  бұл салада күш біріктіру  экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді деп атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу