ЕАЭО шеңберінде ғылыми кадрлармен алмасуды ынталандыратын заң мақұлданды

225

Құжат еңбек көші-қоны шеңберінде азаматтардың ғылыми дәрежесін автоматты түрде тану механизмдерін қарастырады. 

ЕАЭО шеңберінде ғылыми кадрлармен алмасуды ынталандыратын заң мақұлданды Фото: eec.eaeunion.org

Сенаттың отырысында Мәжіліс қабылдаған "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы" заңы мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Келісім еңбек көші-қоны шеңберінде ғылыми дәрежелер туралы құжаттардың иегерлерін оларға берілген ғылыми дәрежелерге сәйкес, жұмысқа орналасатын мемлекетте кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін өзара тануға байланысты сұрақтарды реттейді. Мәселен, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты және ғылым докторы, яғни ғылыми дәрежелер туралы құжаттардың иелері ғылыми дәрежесі үшін, жұмысқа орналасатын мемлекетте белгіленген үстемеақыларды талап ететін жағдайларды қоспағанда, ұлттық тану рәсімдері жүргізілмей, сәйкес деп танылады", - деді сенатор Алтынбек Нухұлы. 

Оның сөзінше, ғылыми дәрежелер туралы құжаттардың түпнұсқалылығын тексеру және басқада растау мәселелері бойынша ақпарат алмасуы регламенттелмек.

"Еңбек көші-қоны шеңберінде азаматтардың ғылыми дәрежесін автоматты түрде тану механизмдерін қарастырады. Келісім Еуразиялық одақ кеңістігінде еңбек ресурстарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету арқылы еңбек нарығын нығайтуға бағытталған, сондай-ақ азаматтардың кәсіби қызметіне қол жеткізуге қолайлы жағдайлар жасайды. Заң ғылыми кадрлармен алмасуды ынталандырады", - деді Сенат депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу