Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде осы жылға және кейінгі жылдарға арналған жұмыстың негізгі бағдарлары – Мемлекет басшысы қойған басымдықтар мен міндеттерді практикалық іске асыру, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы нарығында қазақстандық тауарларды ілгерілету жолындағы кедергілерді анықтау және жою. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары ұлттық деңгейде әрбір ел қолданатын мемлекеттік қолдау шараларының көлемі келісілген мәндерден аспауға тиіс екендігі туралы келісімге қол жеткізілді", – деді Серік Жұманғарин.
Вице-премьердің сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және ілгерілету, сондай-ақ теңгерімді сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Айта кету керек, бұған дейін вице-премьер шағын және орта бизнеске қандай қолдау көрсетілетінін түсіндіргенін жазғанбыз.