ЕАЭО шеңберіндегі өнеркәсіптік кооперация импорт алмастыру процесін жеделдетеді

1014

Ресей Президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттер арасында өнеркәсіптік кооперацияны күшейту қажет деп санайды.  

ЕАЭО шеңберіндегі өнеркәсіптік кооперация импорт алмастыру процесін жеделдетеді

Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мәлімделді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы нақты нәтиже беріп жатыр. Көрсеткіштерді жақсарту үшін өнеркәсіптік кооперацияны күшейту қажет. 

Ресей ЕАЭО шеңберінде өзара тиімді өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі кеңейтуді қолдайды. Биыл ЕАЭО-ға мүше елдердің өнеркәсіптік ынтымақтастығының кешенді стратегиясы және оны іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Бұл құжаттар мемлекеттер арасындағы өндірістік кәсіпорындардың кооперациялық байланысын тереңдетіп, одақ шеңберіндегі импортты алмастыру процесін жеделдетуге негіз болады", – деді Владимир Путин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу