ЕАЭО статистикасы: Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі өсті

798

Осы жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 2021 жылғы қаңтар – шілдемен салыстырғанда 0,9%-ға өсіп, 52,9 млрд долларға жетті.

ЕАЭО статистикасы: Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі өсті

Бұл Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикалық деректерінде көрсетілген, деп жазады inbusiness.kz.

Ең қарқынды көрсеткішті Қырғызстанның кәсіпорындары көрсетіп келеді. Жеті айда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 8,4%-ға өскен.

Сонымен бірге Қазақстан (2,1%) мен Ресей де (1,8%) өсім көрсетіп отыр.

Ал Армения (4%) мен Беларусьте (10,4%) төмендеу байқалады.

ЕАЭО елдерінде өндірістің ең елеулі өсуі тірі салмақта союға арналған мал мен құс өндіру сегментінде байқалады. Бұл санатта өндіріс 3,3%-ға өсті. Жұмыртқа өндірісі жеті айдың қорытындысы бойынша 2,3%-ға (Қазақстанда – 6,6%-ға), сүт-0,7%-ға өсті.

Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО құрамына Ресей, Армения, Белоруссия, Қазақстан және Қырғызстан кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу