Қарастырылып отырған, заң жобасындағы хаттама Ресей Федерациясының арнайы экономикалық аймақтарына, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импортталған тауарлары бойынша, қосымша құн салығын төлеуді, 180 күннен кейін орындауды көздейді.
Хаттама мемлекеттердің салық салу саласындағы өзара іс-қимыл қағидаттарын айқындайтын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 71-бабына және мүше мемлекеттерде жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттарын айқындайтын 72-бабына сәйкес әзірленген. Шарттың 72-бабының 1-тармағына сәйкес, тауарлардың өзара саудасында жанама салықтарды өндіріп алу, тауарлар экспорты кезінде қосылған құн салығының нөлдік ставкасын қолдануды және акциздерді төлеуден босатуды, сондай-ақ импорт кезінде жанама салықтар салуды көздейтін межелі елдің қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Жанама салықтарды өндіріп алу тәртібі және олардың төленуін бақылау тетігі Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттағы №18 қосымшада айқындалған.
Хаттама - еркін экономикалық аймақтың кедендік реттеудің негізгі аспектілері қаралған Киото Конвенциясының яғни Кедендік рәсімдерді оңайлату және үйлестіру туралы халықаралық конвенция ережелері шеңберінде регламентелген және онда қарама қайшылықтар жоқ.
Жалпы алғанда, заң жобасын ратификациялау Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына арнайы экономикалық аймақтарда, қосымша құн салығын алудың тең шарттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Соған байланысты заң жобасын қабылдау, теріс экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Заң жобасы Қаржы және бюджет комитетінің жұмыс тобының, комитет және комитеттің кеңейтілген отырыстарында жан-жақты қаралды.
Сенаттың тұрақты комитеттерінен ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.
Баяндалғандарды ескере келе, Қаржы және бюджет комитеті "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Конституциясы 55 - бабының, 5 тармақшасына және Сенат Регламентінің 55-4-тармағының, 6 тармақшасына сәйкес қабылдауды ұсынады.
"Хаттама ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тауарларына және ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің тауарларына қатысты Ресей Федерациясының АЭА-сында қосылған құн салығын алудың тең шарттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов.