ЕАЭО үшін экономиканы цифрландыру басым бағыт болуға тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

917

Мемлекет басшысы ЕАЭО елдерін экономикаларын цифрландыруға баса назар аударуға шақырды. 

ЕАЭО үшін экономиканы цифрландыру басым бағыт болуға тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тек ғылымды қажетсінетін технологиялар мен өндірістің озық әдістері табысты экономиканың негізі бола алады.

"Қазақстанда біз бұлтты шешімдерді, үлкен деректерді, жасанды интеллектті дамытуға баса назар аудара отырып, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыруға кірістік. Бұл объективті қажеттілік. Біздің одақ аясында 2017 жылы сандық күн тәртібі қабылданды, осы салаларда бірқатар бірлескен заманауи жобалар жүргізілуде. Менің ойымша, бұл жұмысты жалғастыру қажет",– деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу