Бұл туралы Қырғызстанда өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық кеңес жиынында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Оның айтуынша, жалпы 2021 жылдың қорытындысы бойынша одақтың экономикалық дамуының оң серпіні байқалды.
"Одақтың жиынтық ЖІӨ 4,6%-ға өсті, одақ емес елдермен сыртқы сауданың жалпы көлемі $844,2 млрд құрады, 2022 жылдың төрт айындағы көрсеткіштер одан әрі экономикалық дамуға оптимизм ұялатады, оның қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 5,4%-ды құрады. Елдеріміз арасындағы өзара саудада болып жатқан оң өзгерістер пандемия кезеңінде қабылданған шаралардың тиімді екенін көрсетеді", – деді Жапаров.
Қырғызстан басшысы ЕАЭО жаңа сын-тегеуріндерге тап болғанын атап өтті.
"Біз жасанды кедергілерге қарамастан интеграциямыз өзінің қарышты дамуын жалғастыра алатынын әлемге тағы да дәлелдеуіміз керек. Қырғызстан одақ шеңберіндегі өзара қарым-қатынастардың өзара толықтыратын сипатқа ие екенін толық түсінеді. Біздің әрекеттеріміз бір-бірімізді қолдауға және көмектесуге бағытталуы керек. Әлемдік экономикалық трансформация жағдайында одақтың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін күш-жігерді шоғырландыру қажет", – деп қосты Жапаров.