ЕАЭО жууға арналған заттарға фосфат араластыруға тыйым салмақшы

1012

ЕАЭО жууға арналған  заттарға фосфат араластыруға тыйым салмақшы

Ресей президентінің табиғатты қорғау, экология және көлік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Сергей Иванов Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері 2017  жылы  жуғыш заттарға арналған ережеге фосфатты қолдануға тыйым салатын өзгеріс енгізеді деген сенімде.
"Жуғыш және тазалауға арналған заттардың, шайынды судың құрамындағы фосфат тек Байкалды ғана емес, кез келген су көзін ластайды. Еуропа елдерінде фосфатқа қатысты заң қатал, Ресейде де тазалау және жуу құралдарын шығарушылар одан бас тартуға дайын", – деді Сергей Иванов "Аргументы и Факты" газетіне берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ "Осы жылы Еуразиялық одақтағы әріптестерімізбен осыған қатысты келісімге келіп, жуғыш заттарға арналған ережені өзгерту арқылы фосфаттың қолданылуына тыйым саламыз" деп атап өтті.
Сергей Иванов жер бетінде таза су өте аз қалды, ал Байкал суын көлден бірден іше беруге болады деді.

"Сол жақта да ішкенмін, астанада да құтыдағысын сатып алдым, судың дәмі тамаша!", – деп тілге тиек етті  ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу